БҚО-да жол апатынан төрт адам қайтыс болды

БҚО-да жол апатынан төрт адам қайтыс болды

2021 жылғы 2 Шілде 0 By admin

Оқиға кеше, 1 шілде күні кешкі 21-00-де Чапаев-Жаңақала-Сайқын бағытындағы тас жолдың Жолқұдық ауылының маңында болған. Лада Гранта мен ВАЗ-2107 автокөлігі соқтығысып, салдарынан төрт адам бақилық болған. Оның ішінде жеті жасар балада бар.

Бұдан бөлек, сегіз адам Жаңақала аудандық ауруханасына жатқызылған. Оның алтауы кәмелетке толмаған балалар.

БҚО Полиция департаменті жол апатына қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын айтты.

Uralsk.News сайтының тілшісі зардап шеккендер жөнінде мәлімет алу үшін БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысына хабарласқан, алайда телефонға жауап бермеді.