Жұмысқа орналасу үшін 150 мың теңге төлегендер облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының директорына барды. Видео

Жұмысқа орналасу үшін 150 мың теңге төлегендер облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының директорына барды. Видео

2021 жылғы 27 Шілде 0 By admin

26 шілде күні Оралдағы модульді инфекциялық ауруханасына санитар болып жұмысқа тұру үшін 150 мың теңге төлеген 10-ға жуық адам (біз бұл оқиға туралы бұрын хабарлаған едік) Батыс Қазақстан облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Надия Ахметовамен кездесуге келді. Дәл осы сәтте біз аурухана директорынан осы жағдай туралы сұхбат алдық. Директорға келгендердің біразы полицияға арыз жазған. Зардап шегушілер ақша алған адамдар жұқпалы аурулар ауруханасында жұмыс істейме деген күмәнмен қарайды. Надия Ахметова болса, өзі және қол астындағылардың бұл оқиғаға қатысы жоқ екеніне сенімді, алайда зардап шеккендер оның бұл сөзіне сенімсіздік білдіріп отыр.
Біз осы жағдай бойынша материал дайындап жатырмыз