Қорғаныс министрі отставкаға кетеді

Қорғаныс министрі отставкаға кетеді

2021 жылғы 27 Тамыз 0 By admin

Қазақстан қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Азаттық радиосының тілшісіне отставкаға кетуді ұйғарғанын айтты.

Ермекбаев бұл шешімін  Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімдегі жарылысты естіген сәтте  шешім қабылдаған көрінеді.

Айта кетейік, жарылыстан 5 әскери қаза тауып, ондаған адам жараланған, бірнеше кісі хабар-ошарсыз кеткен. 

Зардап шеккендер саны қазір 100-ге жуықтаған. Бұл көрсеткіш әлі де өсуі мүмкін.