БҚО-да қалыңдық алып қашқандар жылқыға соғылды. Бес адам зардап шекті

БҚО-да қалыңдық алып қашқандар жылқыға соғылды. Бес адам зардап шекті

2021 жылғы 31 Тамыз 0 By admin

Оқиға, кеше 30 тамыз күні 22:30 шамасында Пугачев ауылы маңында болған. Бөрлі-Ақсай-Жымпиты жолының 27-шақырымында Оралдан Ақсай қаласына қыз алып қашып бара жатырған «Лада Приора» автокөлігі 3 жылқыға соқтығысқан.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасынан 5 адам зардап шеккен. Оның 4-еуі жансақтау  бөлімінде, 1-еуі хирургия бөлімшесінде жатыр.

Зардап шеккендерге қатысты облыстық денсаулық сақтау басқармасынан қандай да бір мәлімет алу мүмкін болмады. Баспасөз хатшысына қанша хабарлассақ та телефонға жауап бермеді.