Оралда жатақхана алдындағы жаппай төбелестен бір студент зардап шекті

Оралда жатақхана алдындағы жаппай төбелестен бір студент зардап шекті

2021 жылғы 5 Қыркүйек 0 By admin

3 қыркүйек күні Орал қаласындағы «Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжі» жатақханасы алдында бір топ жас төбелескен. Төбелестен колледждің 2-курс студенті зардап шеккен.

Оқиғаны видеоға жатақхана ішіндегі қыздар түсірген. Видеода біреудің жерде тұра алмай жатқаны анық көрінеді.

Бұл оқиғаға қатысты жатақхана директорының орынбасары Камила Сарсиева пікір білдірді. Оның айтуынша,   жатақханада жататын студенттер есік алдында жүргенде белгісіз біреулер «шабуыл» жасаған:

– Кеше кешкі 21.00 шамасында біздің жатақхана студенттері есік алдында жүргенде белгісіз біреулер «шабуыл» жасады. Төбелестен бір студент жеңіл жарақат алды. Оны жедел жәрдем алып кеткен болатын, бірақ кейін әкеліп тастады. Қазір жағдайы жақсы. Өзін жақсы сезінеді. «Шабуыл» жасағандардың кімдер екенін анықтау үшін полиция тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Біз кеше жедел жәрдем мен күзет бөлімін шақырттық,- дейді Камила Сарсиева.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті мен денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты ештеңе тіркелмегенін айтты.