Жатақханада болған төбелеске бұзақылық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Жатақханада болған төбелеске бұзақылық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

2021 жылғы 5 Қыркүйек 0 By admin

Оралдағы «Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжі» жатақханасында болған жаппай төбелеске қатысы бар адамдар ұсталды. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бұл ақпаратты  Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратты.

«Желіде топтық төбелестің видеосы тарады. Оқиға 03.09.2021 жылы сағат 21:40 шамасында Жәңгірхан көшесінде болған. Полиция қызметкерлері бұл оқиғаға қатысы бар барлық адамдарды анықтады және істің мән-жайын анықтау үшін оларды Зашаган полиция бөліміне жеткізді. Бұл факті бойынша қазір Қылмыстық кодекстің 293-бабы 1-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды»,-делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Полиция департаменті төбелес кезінде ешкімнің денсаулығына айтарлықтай зақым келмегенін де атап өткен.

Айта кетейік, 3 қыркүйек күні жатақхана алдында болған төбелестен колледждің 2-курс студенті зардап шеккенін жазған болатынбыз.